Адамдар туралы

Дұрыс таңдау – бүкіл өмірінің ісі.

Konushkin-A.G.   Заман өзгергенімен адамдар да, кәсіпорындар да, олардың құрылымдары да өзгереді, жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Маман шеберлігін бағалағанда, оның тәжірибесі мен іс білімі басты және айнымас баға өлшімдері ретінде үнемі болып қала береді. Міне осы қасиеттерді көрсетіп жүрген  Конушкин Анатолий Григорьевичті оның әріптестері мен «ТеміртауЭлектроМонтаж» ЖШС басқарушысы аса бағалайды. Бұл кісі бар күші мен кәсіпкерлігін жас кезінен таңдаған іске арнап, электромонтаж учаскесінде 55 жыл бойы жұмыс істеген, сол үшін оған үлкен ризашылық. Анатолий Григорьевичтің жеке іс қағазында жазулар –  тек қана оның еңбек ғұмырнамасы емес, ол «ТеміртауЭлектроМонтаж» ЖШС тарихы да.

   Анатолий Григорьевич өз еңбек жолын Теміртаудағы Қазэлетромонтаждың Монтаж Басқармасынан бастаған. Оны екінші дәрежелі көмекші жұмыскер ретінде жұмысқа қабылдады.Бұл оқиға дәл 55 жылдан бұрын болыпты – 1958 жылы 28 қарашада. Ол өндіріс үдерісін білімқұмарлығы, таңдаған маманға қызығушылығы, қайраттылығы және жауапкершілігі арқылы тез түсініп, оған енді. 1959 жылдан бастап оның мансабы көтеріле бастады. Сол кезде ол аттестаттау емтиханынан өтіп,  электрмонтердың үшінші дәрежесін алған. Ал 1976 жылы 1 қарашада ол электр жабдығы мен электркүш беретін желісі жөнінде еңбегіне сәйкес электрмонтажшының алтыншы дәрежесіне ие болған. Қазір Анатолий Григорьевич өз тәжірибесін өндірістегі жас мамандарға бөлісіп бере жатыр. Электрмонтаж учаскесімен орындалатын ешқандай жұмыс талдаусыз жүргізілмейді. Оларға тәжірибелі қызметкердің бірі  Анатолий Григорьевич үнемі қатысып жүр. Оның білімі мен ақыл-кеңестері – өте құнды, ал даналығы мен әзіл-оспаққа ғажайып бейімі – шексіз. «Мағлұмат қазынасы, жанды энциклопедия» – былай өндіріс басқару құрамы  Анатолий Григорьевич туралы айтады. Ал әріптестері: «Ілтипатты, ақ көңіл»- деп айтып жүр. Бұл кісі ұжым қызметкерлерінің арасында беделді, ынталы, ауытқымаушылығымен ерекшеленеді. 

Konushkin A.G. 1973   Конушкин Анатолий Григорьевичпен басқаратын бригада бірнеше рет басқарманың ең жақсы бригадалар санына кірген. Кеңес Одағы кезінде де бірнеше рет социалистік жарыстың жеңімпазы болып шыққан.

   Көп жылғы еңбегі үшін Анатолий Григорьевич Құрметті мадақтамалары мен Алғыстарымен марапатталған. 1984 жылы 11 сәуірде  Конушкин Анатолий Григорьевич   көп жылғы және мінсіз еңбегі үшін  «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

   Металлургия  кәсіпорнында ма, қала құрылысында ма, осы көп объекттердің салынып жатқанына Анатолий Григорьевич белсенді қатысқан. Әсіресе, Домна пештері, жалпақ прокат цехтары, металлургия  кәсіпорының объекттерін электр қуатымен жабдықтау желілері, тұрғын үйлері мен әлеуметтік-мәдени тұрмыстың объекттерінің құрылысы туралы ерекше айтуға болады. Сол үшін тек қана өз кәсіпорнында емес, басқа басқару орындарымен де бағаланған. Мысалы: 1978 жылы 26 желтоқсанда  Қазметаллургқұрылыс трестінің бұйрығымен Анатолий Григорьевич қаңылтыр кешенінің құрылысы Құрмет Кітабына жазылған, ал одан бұрын, 1976 жылы 28 наурызда №4  Домна пеші мен №2 аглофабрикасын құрылысына белсенді қатысқаны үшін Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.

  Өз еңбек қызмет кезінде Анатолий Григорьевич көп жаңашылдық ұсыныстарын ойлап шығарды. Қазіргі АрселорМиттал Теміртау АҚ –ндағы 1972 жылы №61 « СПЦ – ГПП 8 вентиляция мен кабель туннельдердің жарықтандыру кабель трассаларының өзгертуі» жаңашылдық ұсынымын ұсынылған, ал 1976 жылы Анатолий Григорьевич №2 Оттек станциясының ГПП-9 реактор механикаландырылған құрастыру үдерісін жетілдірген. Бұл ұсынымдар арқылы маңызды экономикалық нәтиже алынған және электрмонтажшылар өз жұмыстарын көп дене күшін келтірмей-ақ, қысқа мерзімнің ішінде істейтін болған. Бірақ бұның бәрі тек ресми мәлімдер, ал  Анатолий Григорьевичпен жұмыс істейтін кісілердің пікірлері өте маңызды. Әріптестері ол туралы нағыз кәсіпқор, білімдарлық , дарынды және өте мейірімді адам деп айтады.

Анатолий Григорьевич, Сізді ерекше мерейтойыңызбен құттықтаймыз! Өміріңіз ұзақ болсын және сүйікті ісіңізге көп жыл қызмет етіңіз!